САУРАН АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ “ИНТЕЛЛЕКТ БАТТЛ” ЖОБАСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

448

Ойынның негізгі мақсаты — танымдық қабілетті арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейлерін көтеру. Сондай-ақ, интеллекттуалды ортаны қалыптастыру.

Жоғару деңгейде өткен «INTELLECT BATTLE» ойынын Сауран ауданының әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы ашып берді. Зияткерлік кеште Сауран аудандық мәслихат хатшысы Кунпеисов Мейрамбек Заманбекұлы, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Садибаев Серік Өмірханұлы, Сауран жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсенбекова Айгерім Ералықызы және Сауран аудандық аналар алқасының төрайымы Жұманова Нышанкүл Абылайханқызы төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Тартысты өткен сайысқа жалпы 20 команда қатысты. Ойын нәтижесінде 3-ші орынды “Яссы”, 2-ші орынды “Оқжетпес”, 1-ші орынды “101” командасы ие болды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сыйақы және кубоктарға ие болды. Сонымен қатар, жүйріктігімен көзге түскен “Үздік ойыншы” номинациясына ие болған қатысушыларға да арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

P.s.: авторлық жобамды адами түрде рұқсат сұрап өткізіп, мені жүргізушілікке шақырды. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Ауданның ұйымшылдығына көз тимесін.