САУРАНДА «ИНТЕЛЛЕКТ БАТТЛ» ЖОБАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

409

Жаңадан құрылған Сауран ауданында алғаш рет Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Интеллект баттл” жобасы өткізілді.

Ойынның негізгі мақсаты — танымдық қабілетті арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейлерін көтеру. Сондай-ақ, интеллекттуалды ортаны қалыптастыру.

Жоба қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті мен салт-дәстүрі, жалпылама сұрақтар, аудан тарихы, музыка, заңнама, қызық әлем сынды 7 кезеңді қамтыды.

Жоғару деңгейде өткен «INTELLECT BATTLE» ойынын Сауран ауданының әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы ашып берді. Зияткерлік кеште Сауран аудандық мәслихат хатшысы Кунпеисов Мейрамбек Заманбекұлы, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Садибаев Серік Өмірханұлы, Сауран жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсенбекова Айгерім Ералықызы және Сауран аудандық аналар алқасының төрайымы Жұманова Нышанкүл Абылайханқызы төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағаларын берсе, кешті жоба авторы Гүлжан Серік жүргізді.

Тартысты өткен сайысқа жалпы 20 команда қатысты. Ойын нәтижесінде 3-ші орынды “Яссы”, 2-ші орынды “Оқжетпес”, 1-ші орынды “101” командасы ие болды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сыйақы және кубоктарға ие болды. Сонымен қатар, жүйріктігімен көзге түскен “Үздік ойыншы” номинациясына ие болған қатысушыларға да арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.