САУРАН: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ.

364

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокурорының орынбасары М.Байтелиевтің төрағалығымен Сауран ауданы бойынша қылмыстық істердің алдын алу бағытында жиналыс болып өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Сауран аудандық бөлімінің өкілі Н.Әлібек, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары С.Бейсенбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Қуанышбаев, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары С.Бейсенбаев баяндама жасады. Самат Асылханұлы ауылдық округтерде орын алған қылмыстарға кеңінен тоқталып, оның алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Сонымен қатар, жиынға қатысқан азаматтар қылмыстың алдын алу бағытында өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Жиын соңында күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша барлық сала өкілдері қылмыстық істердің алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласып, жиынды аудан прокурорының орынбасары М.Байтелиев қорытындылады.