ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ

256

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 937,0 млрд.теңгені (2021ж. – 812,9 млрд. тг.), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9 пайызды құрайды.

Бұл кен өндірісінің 9,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің 6,7 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 0,1 пайызға, сумен жабдықтау саласы 3,7 пайызға өсуі есебінен қалыптасты.

Өнеркәсіп саласында үлесі 87,2% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде                   820,9 млрд. теңгенің (2021ж. – 697,7 млрд. тг.) өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,7% құрайды.

Өсім мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 18,5 пайызға (ПКОП), химия өнеркәсібі 31,3 пайызға (метил-трет-бутил эфир (Шымкент химиялық компаниясы), сабын (Шымкентмай), жуу құралдары, бояу-лактар (шағын кәсіпорындар)),фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру        13,0 пайызға (Химфарм),резина және пластмасса бұйымдар өндіру  26,7 пайызға (шағын кәсіпорындар), дайын металл бұйымдарын өндіру                   3,5 пайызға (Ferrum-Vtor, Gold Aluminium), құрылыс материалдарын өндіру 4,1 пайызға(Шымкентцемент, Стандарт цемент) салаларында өнім көлемінің артуы есебінен қалыптасқан.

Қазақстан Республикасының өңірлері арасында нақты көлем индексі бойынша Шымкент қаласы 5 орынға көтерілді (2021ж. — 12 орын, 2022ж. — 7 орын)

Есепті кезеңге қалаға 549,3 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға артты.

Оның ішінде  мемлекеттік бюджеттен 137,4 млрд.теңге (2021 ж.  –  115,3 млрд.теңге), жеке көздерден – 411,9 млрд.теңге (2021 ж. 304 млрд.теңге)есебінен қалыптасты.

2022-2026 жылдарға арналған жалпы құны 1,9 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 283 жобаның пулы жасақталған. Ағымдағы жылы 173,1 млрд.теңгеге 50 инвестициялық жоба іске асырылды.

283 жобаның 66-сы өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылуда. Осы жобаларды іске асыру үшін 622 млрд. теңгенің инвестициясы тартылатын болады.

2022 жылы жалпы сомасы 51,4 млрд.теңгеге 1,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен 14 жоба іске қосылды.

1.«QazAlpack» ЖШС – алюминий банкілерінің өндірісі (23,4 млрд.тг, 145 ж.о.);

  1. «Dala Construction» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу (2,9 млрд.тг, 50 ж.о.);
  2. «Цветлит» ЖШС – алюминий қорытпаларын өндіру (123 млн.тг, 20 ж.о.);
  3. «Эко-фарм» ЖШС – медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі (1,5 млрд. тг, 150 ж.о.);
  4. «Mega Smart B2B» ЖШС – жиһаз фабрикасы (750 млн. тг, 100 ж.о.);
  5. «Qagaz Ordasy SEZ» ЖШС – жазу қағаздарының өндірісі (628 млн.тг, 66 ж.о.);
  6. «Standard Steel KZ» ЖШС – түсті металл концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысын салу (8,5 млрд. тг, 200 ж.о.);
  7. «Завод Авангард» ЖШС – табақ шыныдан жасалған шыны конструкцияларды өңдеу және өндіру зауытын салу (5 млрд. тг, 50 ж.о.);
  8. «Azala Cotton» ЖШС – II кезең аралас иірімжіп өндірісі (2 млрд. тг, 20 ж.о.);
  9. «Dentafill Kazakhstan» ЖШС – дәрілік және гигеналық бұйымдар өндірісі (2,5 млрд. тг, 50 ж.о.);
  10. «EKOL Textile» ЖШС – шұлық бұйымдарын өндіру (1,04 млрд. тг, 35 ж.о.);
  11. «Ultra Technology» ЖШС – жартылай маскалар өндіру (323 млн.тг, 80 ж.о.);
  12. «Про-Тек-МП» ЖШС – медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын шығаратын цех құрылысы (125 млн. тг, 45 ж.о.);
  13. «Бал Текстиль» ЖШС – IV кезең кілем және кілем бұйымдарының өндірісі (2,5 млрд. тг, 39 ж.о.).

 

Қалада жалпы аумағы 886 га құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді, онда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен                   345,8 млрд. теңгеге 237 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет тарапынан  17,8 млрд. теңге жұмсалса, бюджетке салық түсімдері түрінде 2 еседен астам өтелді (36 млрд.теңге).

Сонымен қатар, жаңа өндірістік алаңды құру және қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы жалпы ауданы 306 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағы пайдалануға беріледі. Мұнда 200 млрд. теңгеге 50 ірі жобаны іске асыру және 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда құны 130 млрд. теңгені құрайтын  25 жобаны іске асыру үшін жер учаскелері берілді.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 гектарға кеңейту жұмыстары басталды, іске асыру мерзімі 2022-2024 жж. 150 млрд. теңгеге 30 ірі жобаны іске қосу және 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сауда-логистика орталығы да 136 гектарға кеңейтілетін болады. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2027 жж. Аталған аймақта 86 млрд. теңгеге 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы алаңы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады. Аталған аймақта 23 млрд. теңге сомасына 21 жоба іске асырылатын болады.