ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

209

Шымкент қаласында 110 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Кәсіпкерлік саласында 198,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9%-ға өсті.

Өндірілген өнім көлемі бойынша 1 307,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,5% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40,7%-ды құрады.

 

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары

Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 15,6 млрд. теңгеге4 891 жобаға қолдау көрсетілген.

  1. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы»(Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы) шеңберінде жыл басынан 4 662 жобаға13,4 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді.
  2. Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1,3 млрд. теңге бөлініп, 1,3 млрд. теңгеге 129 жобағашағын несиелер берілді.
  3. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала»өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері: шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру.

«Іскер қала» іс-шара жоспары аясында 2022 жылға «Даму» қорымен бірлесіп жалпы 944 млн. теңге бөлінген.

Іс-шара аясында 890,4 млн. теңгеге100 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде 92 жобаға800 млн. теңгешағын несиеберілді және 57 млн. теңгегепайыздық сыйақы субсидияланды, 33,4 млн. теңгеге8 жобаның өндірістік алаңының жалдау ақысы өтелген.

 

САУДА

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша қаланың жалпы сауда көлемі 2 057,4млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 % артты.                    2023 жылға қаланың сауда көлемі 2 300 млрд.теңгені құрайды деп жоспарлануда, бұл өз кезегінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8 % артатын болады.

Оның ішінде, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналатын бөлшек сауда көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша623,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8% артты. Жылдық жоспар (540,0 млрд. теңге)15% аса орындалды.

Ал, 2023 жылы қаланың бөлшек сауда көлемі 660 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8% артуы жоспарлануда.

Аталған көрсетішке жұмыс жасап тұрған 13 000 сауда нысандары (620 млрд.теңге), модернизация жұмыстарын жүргізіп жатқан 5 базар(10 млрд.теңге), «Gramad Retail» гипермаркетінің 20 жаңа сауда нүктелерінің ашылуы (15 млрд.теңге), «Magnum» супермаркетінің          2 жаңа сауда нүтелерінің ашылуы (2,5 млрд.теңге), жаңа 7 сауда орталықтарыныңіске асырылуы (9,1 млрд.теңге), 4 жаңа автокөлік салондарының құрылысы (2,5 млрд.теңге) және ірі супермаркеттердің ашылуы (900 млн.теңге) есебінен қол жеткізілетін болады.