ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ

360

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 2 285,2 млн. АҚШ долл. (2021 ж. – 1 724,3 млн. АҚШ долл.). Оның ішінде, экспорт           793,6 млн. АҚШ долларын құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,5%-ға өсті (2021 ж. – 519,9 млн. АҚШ долл.).

Шымкент қаласының жалпы экспорт көлемі Өзбекстан                 (үлесі — 29,2%, 232,3 млн. АҚШ долл.), Түркия (үлесі — 17,0%, 132,7 млн. АҚШ долл), Нидерланды (үлесі — 19,0%, 150,3 млн. АҚШ долл), Ресей (үлесі — 12,0% немесе 92,6 млн. АҚШ долл.), Ауғанстан (үлесі — 6,1%, 49,0 млн. АҚШ долл.), Қырғызстан (үлесі — 5,0%, 37,4 млн. АҚШ долл), Тәжікстан (үлесі — 2,6%, 20,9 млн. АҚШ долл.), Литва (үлесі — 2,0%, 13,6 млн. АҚШ долл), Латвия (үлесі — 2,0%, 14,5 млн. АҚШ долл.),  Қытай (үлесі — 1,0 %, 8,4 млн. АҚШ долл.) елдеріне тиесілі.Аталған елдердің жалпы экспорт көлеміндегі үлесі 96%-ды құрайды.

Қаланың негізгі экспортталатын тауарларының қатарына мұнай және мұнай өнімдері (үлесі — 35,4%), күнбағыс майы (8,0%), ұн (7,0%), бидай және меслин (6,0%), алюминий шыбықтар мен профильдер (4,3%), мақта талшығы (3,4%), тоқыма бұйымдары (3,0%), портландцемент және цемент өнімдері (2,4%), мұнай коксы (2,3%) кіреді. Аталған тауарлар жалпы экспорттың 71,8%-ын құрайды.

Анықтама:

  1. Мұнай және мұнай өнімдері – 278,8 млн. АҚШ долл. (Нидерланды – 150,1 млн. АҚШ долл., Түркия – 113,2 млн. АҚШ долл., Латвия – 8,0 млн. АҚШ долл., Өзбекстан – 2,4 млн. АҚШ долл., Эстония – 1,5 млн. АҚШ долл., Марокко – 1,2 млн. АҚШ долл.,    Италия – 1,0 млн. АҚШ долл., Әзербайжан – 886,8 мың. АҚШ долл.,);
  2. Күнбағыс майы – 62,4 млн. АҚШ долл. (Өзбекстан – 40,2 млн. АҚШ долл., Ауғанстан – 10,2 млн. АҚШ долл., Қырғызстан – 5,5 млн. АҚШ долл., Тәжікстан – 5,3 млн. АҚШ долл., Туркия – 771,7 мың. АҚШ долл.);
  3. Бидай ұны – 55,9 млн. АҚШ долл. (Өзбекстан – 44,2 млн. АҚШ долл., Ауғанстан – 10,7 млн. АҚШ долл., Қырғызстан – 966,5 мың АҚШ долл. );
  4. Бидай және маслин – 45,9 млн. АҚШ. долл. (Өзбекстан – 25,8 млн.АҚШ долл., Ауғанстан – 19,6 млн.АҚШ долл.);
  5. Алюминий шыбықтар мен профильдер – 34,6 млн.АҚШ долл. (Өзбекстан – 19,6 млн. АҚШ. долл., Жапония – 7,1 млн. АҚШ. долл., Швейцария – 2,5 млн. АҚШ долл., Түркия – 1,2 млн. АҚШ долл., Литва – 1,0 млн.АҚШ долл., Қытай – 589,8 мың. АҚШ долл., Украина – 535,6 мың. АҚШ долл.);
  6. Мақта – талшығы – 27,1 млн АҚШ долл. ( Молдова – 10,8 млн. АҚШ долл., Латвия – 5,7 млн. АҚШ долл., Түркия – 5,1 млн. АҚШ долл., Ресей – 3,4 мың.АҚШ долл., Өзбекстан – 2,1 млн.АҚШ долл.);
  7. Тоқыма бұйымдары – 22,9 млн. АҚШ долл. ( Ресей – 11,6 млн. АҚШ долл., Қытай – 4,5 млн АҚШ. долл., Туркия – 3,9 млн АҚШ. долл., Литва – 2,0 млн АҚШ. долл );
  8. Портландцемент және цемент – 19,1 млн. АҚШ долл. (Өзбекстан – 15,4 млн. АҚШ долл., Қырғызстан – 3,7 млн. АҚШ долл.);
  9. Мұнай коксы – 18,2 млн. АҚШ долл. (Өзбекстан – 16,3 млн. АҚШ долл., Литва – 1,9 млн. АҚШ долл.);
  10. Дәрілік заттар – 11,2 млн.АҚШ долл. (Өзбекстан – 11,2 млн. АҚШ. долл.)

 

Шикізаттық емес экспортты ұлғайту және ілгерлету мақсатында Шымкент қаласында жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экспорттаушылары үшін мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру семинарлар, дөңгелек үстелдер «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесе ұйымдастырылды.