«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

212

Үшінші мегаполисте «Таза қала» акциясы мәресіне жетті. Дәстүрлі конкурс қала тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны абаттандыруға үндейді. Биыл оныншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан акцияға Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма ұйытқы болып отыр.

Акцияның қорытындысы Шымкент қалалық Азаматтық Альянстың ресурстық орталығында шығарылды. Комиссия құрамында басқарма өкілі мен Азаматтық Альянстың мүшелері, қаладағы төрт аудан әкімдігінің қызметкерлері бар. Әр аудан өкілі өз ауданы үміткерлерінің жұмысын бағалауға қатыса алмайды.

– Биылғы үміткерлерді бес номинация бойынша қарастырып отырмыз. Олар – үздік аула, үздік көше, үздік үй, үздік аула тазалаушы және үздік тұрғын алаптар.
Бұл акцияға қатысуда шектеу болған жоқ, кез келген тұрғын немесе үй төрайымы қатыса алады. Алдымен әр ауданда өзара үздігін анықтап, осы комиссия отырысында қарауға жібереді. Мұндағы мақсатымыз – қала тазалығын сақтауға үндеу, – дейді ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссияның мүшесі, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбекқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның биылғы ерекшелігі – 5 номинацияның әр аудан бойынша өз үздігі бар. Сонымен, комиссия қорытындысы бойынша жеңімпаздар толық анықталды.

 

«Үздік аула» номинациясы:

Абай ауданы – 1 мамыр көшесі, №35 үй;

Әл-Фараби ауданы – Әлімбетов көшесі, №45 В үй;

Еңбекші ауданы – 16 шағынаудан, №54 үй;

Қаратау ауданы – «Шымкент-Сити», 189-орам №13 үй.

 

«Үздік көше» номинациясы:

Абай ауданы – Қатынкөпір шағынауданы, Молдабаев көшесі;

Әл-Фараби ауданы – Рабат көшесі;

Еңбекші ауданы – Түркістан көшесі, №210 үй;

Қаратау ауданы – Асар шағынауданы, №36 көше.

 

«Үздік шағынаудан» номинациясы:

Абай ауданы – Жайлау шағынауданы;

Әл-Фараби ауданы – Отырар шағынауданы;

Еңбекші ауданы – 12-шағынаудан;

Қаратау ауданы – Асар шағынауданы.

 

«Үздік үй» номинациясы:

Абай ауданы – Ш.Қалдаяқов көшесі, №27;

Әл-Фараби ауданы – Тоғызбаев көшесі, №26;

Еңбекші ауданы – Аблязимов көшесі;

Қаратау ауданы – Нұрсәт тұрғын алабы, №20.

 

«Үлгілі коммуналды қызметкер» номинациясы:

Абай ауданы – «It invest» ЖШС аула сыпырушысы Алима Мырзабекова;

Әл-Фараби ауданы – «Мад группс» ЖШС, Шерзад Ташниязов;

Еңбекші ауданы – «Жасыл-Жер» ЖШС аула сыпырушысы Зейнекүл Тұрғынбаева;

Қаратау ауданы – Базарбай Ұзақбаев.

Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталады.

 

«Шымкент келбеті»