ОРДАБАСЫДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

128

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Акция аясында 3000-ға жуық ағаш отырғызылды. Одан бөлек ағаштар әктеліп, жол жиектері қоқыстан тазартылды. Жол бойындағы нысандардың қабырғалары сырланды.

Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихаттың бірқатар депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жастар, тұрғындар, белсенді азаматтар қатысып, арнайы белгіленген аумақтарда тазалық және көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізді.

Аталған шара барысында аудан әкімі тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты. Басты мақсаты – халықты игілікті іске шақыру, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.