АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер
(GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.
Бүгінде, Республикада 140-тан астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 8-і Түркістан облысына тиесілі.
Олар, Түркістан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам аудандары мен Кентау қаласындағы төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған.
Осы орайда, жоғарғы оқу орнын GPA 3.33-тен жоғары баллмен үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз!