ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

300

Аудан әкімі аудан аумағындағы жаңадан жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән беруді тапсырған болатын. Осыған орай ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен жол құрылыстарының сапасын анықтау мақсатында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан Сарыағаш қаласындағы Ә.Омаров, Алтын төбе, Кеме қалған, Байбосын ата, Т.Әубәкіров, Қ.Бердібеков және Жібек жолы ауылдық округіндегі Өркен, Қабланбек ауылдық округіндегі Бірлік, Самал, Ш.Уәлиханов, Жастар, М.Мәметова, Ырысты, Арай көшелеріндегі жол құрылыстарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтік бақылау жұмыстары барысында көшелерге төселген асфальт жамылғысының сапасы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы мамандары тарапынан асфальттің құрамын, тығыздығын, қалыңдығын анықтау мақсатында асфальт жамылғысынан кесінді алынып, зертханалық тексеруге жіберілді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да ауданға қарасты барлық жол құрылыстары бақылауға алынып, жылжымалы жол зертханалық көліктері және арнайы құралдар арқылы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.