ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ “ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ” ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, “ДӘСТҮРЛІ ДІН – РУХАНИЯТ МӘЙЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ.

0
1246

Дөңгелек үстелге, дін саласында елеулі үлестерін қосып жүрген – Түркістан қаласының бас имамы – М.Джумадулаев, Түркістан қаласы әкімдігінің жиынтық-талдау бөлімінің басшысы, қалалық ТҚК хатшысы – Т.Абдреев, Н.Төреқұлов мешітінің имамы – А.Нұрқабаев, Түркістан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы – Қ.Салықбаев, ХҚТУ-нің теология факультетінің аға оқытушысы, phD докторы – Б.Ботақараев, Ішкі саясат бөлімінің теолог маманы – Б.Нуритдинов қатысты.

Дөңгелек үстелде дәстүрлі дініміз, салт-дәстүр, руханият, құндылықтарымыз дәріптеліп, сондай-ақ қоғамдағы діни тұрақтылықты арттыру бойынша пікірлер алмасып, дәстүрлі дінімізді одан әрі нығайту жолында әр тарап өзінің ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстелді жиынтық талдау бөлімінің басшысы, ТҚК хатшысы – Т.Абдреев қорытындылап, алдағы уақытта осы жұмыстарды басшылыққа алып, ары қарай жандандыруды ұсынды.