ШАҺАРДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ

222

Түркістанда демалыс күндері де құрылыс тоқтаған емес. Нәтижесінде шаһар жаңа ғимараттармен толығып келеді. Облыс әкімі бірқатар құрылыс нысаны мен тапсырылған ғимараттарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта теннис орталығының құрылысы жүріп жатыр. Құрылысы былтыр сәуір айында басталған. Аталған спорт түрін серік етер жандар жақын арада орталықтың қызметіне жүгіне алады. Спорттық нысанның жер аумағы 2,5 гектарды құрайды, жалпы ауданы — 5000 шаршы метр. Түркістан облысының әкімі жаңа шаһардағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Жауапты басшыларға тапсырмалар берді. Теннис орталығы 7 ашық теннис кортынан, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңы, сондай-ақ автотұрақтан тұрады.

Өңір басшысы одан кейін жақында техникалық ашылуы өткен Экобазарды көрді. Сонымен бірге, қала аумағында салынып жатқан гүлзарлар мен абаттандандыру жұмысын қадағалады. Жауапты басшылар мен мердігерлерге тапсырма берген Түркістанның туристік әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.