БҰЛ САЙЛАУ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

236

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.

Бұл шешім Жаңа Қазақстан құру үшін айтылған батыл қадам деп есептеймін. Себебі, ескі парламент жаңа талаптарға сай келмей отыр және де Конституцияға енгізілген өзгерісті жаңа толқын депутаттары жүзеге асырғаны оң шешім болып саналады.

Бұл сайлау өзіне тән ерекшеліктерімен есте қалары сөзсіз, яғни, парламент әр аймақтың мүддесін қорғайтын өкілдермен толығады. Бұл болса аймақтардың дамуына оң әсерін беретініне сенімім мол. Сайланған депутаттар аймақтың мәселелерін ең жоғары мінберде қозғауына мүмкіндік алады. Нәтижесінде «Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет қалыптасуына жол ашылады.

Саяси бәсеке күшейеді, халық болса өзі таңдаған өз мүддесін қорғайтын үміткерлерге ғана дауыс беруді үйренеді. Осы сайлау барысында, сайлау алдында ғана өздерінің бар екендігін білдіретін партиялар емес, қолынан іс келетіндігін дәлелдеген үміткерлер мен партиялар ғана парламенттен орын алады.

Сәбит БАЙМАҒАНБЕТОВ,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар кафедрасының PhD., аға оқытушысы