СӘКЕН СҰЛТАНХАНОВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: ШТАБ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІМ
Соңғы тәуліктерде күннің күрт жылынуы мен таулы аудандардағы жауын-шашын мөлшерінің артуынан Арыс, Сырдария өзендерінде ағын су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
Осыған байланысты су тасқынының алдын-алу жұмыстарын пысықтау мақсатында шұғыл түрде штаб отырысын өткізіп, дайындық жұмыстарынмен таныстым.
Өткен тәулікте аудан аумағындағы қауіптілігі жоғары өзен арналары, ішкі сулар мен ағын су каналдарын аралап, су өткізгіштік жағдайын бағамдадым. Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен бірге қауіптілігі жоғары нүктелерге баса назар аударылып, дамбы және тоған жасау жұмыстары жүргізілді.
Штаб отырысында аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округі әкімдері мен тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктедім. Атап айтар болсам,
— Су арналарының көзін аша отырып, су өткізу қабілетін арттыруды;
— Ауыл тұрғындары арасында алгоритмге сәйкес шұғыл ескерту жұмыстарын жүргізуді;
— Өзен жағалауларында, тоғайларда және қауіптілігі жоғары аймақтардағы (өзенге жақын орналасқан қыстаулар) жан-жануарларды, техникаларды қауіпсіз орындарға шығаруын ұйымдастыруды;
— Тұрғындар үшін қажеттілігі жоғары коммуналдық қызметтердің тұрақты берілуін;
— Шұғыл жағдайларға толық дайын болуын;
— Тұрғындарды нақты мәліметтермен тұрақты хабардар ету маңыздылығын ескерттім.
Осы тұста, аса маңызды мәселелерге баса назар аудара отырып, тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауды сұранамын. Тиісті жұмыстардың барлығы тікелей өзімнің бақылауымда тұрғандығын жеткізгім келеді.