ҚАЛА ЖОЛДАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

296

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған көлік жолдарының қыстан кейінгі жағдайын жақсарту жоспарын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Алдын-ала жасақталған бірінші кезектегі магистралды орталық көшелерде тиісті жұмыстар басталып, келесі кезектегі көшелердің жөндеу жұмыстарына дайындық жүруде.

Шұңқырларды жамау, күтіп ұстау және аяқжолдарды қалпына келтіру жұмыстарының жоспарына сәйкес 5 аудан аумағында жол жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қала аумағындағы көлік қарқыны жоғары орталық Қонаев, Тәуке хан даңғылдары, Аймауытов, Жібек жолы, Сайрам көшелері, Темірлан тас жолы және Желтоқсан, Бөгет көшелер жолының бірқатар бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Аталған жұмыстарға қажетті асфальтпен жақында қайта іске қосылған жергілікті “Бозарық АБЗ” ЖШС зауыты қамтамасыз етіп отыр. Айта кетейік, екі апта алдын қала әкімі арнайы жиын өткізіп, асфальт зауытының ашылуына дейін жолдардың маңызды аумақтарын қажетіне қарай уақытша ретке келтіру және ашылған бойда жолдарды түбегейлі қалпына келтіру жұмыстарын 20-ақпаннан бастауды тапсырған.