СӘН ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

367

Халықаралық сән конференциясы Шымкентте өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентте дәстүрлі «Responsible Fashion Series» халықаралық сән конференциясы өтті. Аталмыш конференция 2012 жылдан бастап Нью-Йорк, Лондон, Париж, Милан қалаларының сән индустриясы орталықтарында, сондай-ақ Шанхай, Амстердам, Сан-Паулу, Хо Ши Мин, Рим, Джайпур, Скапье, Антверпенде қалаларында өткен.

 

Биыл сән конференциясын 10-20 наурыз аралығында Ташкент, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында өткізуді және әлемнің 18 елінен келген сән сарапшылары Жібек жолы бойымен 800 шақырым жүріп өтуді жоспарлаған. Ұйымдастырушылыр конференцияның дәстүрлі сән әлемімен үндес өзге де қолөнер салалары жайлы білімді арттыру, кәсіби дизайнерлерден бөлек креативті тұлғаларды қолдау мақсатында бастау алғанын алға тартып отыр.
Қонақтар «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне экскурсия жасап, қолөнершілер көрмесін, ұлттық кәдесый өнімдерін дайындау бойынша шеберлік дәрістері мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ, креативті индустрияны дамыту аясында Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту архивтер басқармасы, Шымкент қаласы мәдениет ассоциациасы, «Сен» жастар форумының негізін қалаушылары арасында төрт жақты меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, «Responsible Fashion Series» конференциясы 10 наурызда Ташкентте бастау алып, Түркістан, Шымкент қалаларында жалғасты. Ендігі бағыт — Тараз, Алматы қалалары. Онда дәстүр, мұра, өндіріс, маркетинг, бөлшек сауда, цифрлық технологиялар, сән, дизайн тақырыптарында шеберлік дәрістері өтеді. Кәсіби дизайнерлерден бөлек креативті тұлғаларды қолдау мақсатында бастау алғанын алға тартып отыр.