“ЕЛ ТАТУЛЫҒЫ — ЕЛ БАЙЛЫҒЫ..”

257


Қазақстанның тыныштығы, тұрақтылығы, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басым бағыт беріп келеді. Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы: “Әділетті Қазақстан: Бірлік, Тұрақтылық, Даму” тақырыбы аясында алқалы жиын өтуде. Астанада екі күнге жоспарланған сессия аясындағы бірінші пленарлық секция “ҚХА-ның саяси реформаларды іске асырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі” тақырыбы бойынша өтуде. Түркістан облысының делегация құрамын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бастап барды.