«ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОСЫ БАҒЫТТАҒЫ БІРГЕЛІКТЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ»
2023 жылдың сәуір айының 27 күні Сарыағаш ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жеке құрамына Сарыағаш ауданының әлеуметтік психологиялық — сүйемелдеу орталығының басшысы және осы мекеме қызметкерлерімен «Отбасындағы зорлық зомбылық, оның алдын алу жолдары және осы бағыттағы біргелікте атқарылатын жұмыстары» тақырыбында кездесу – жиналысы өткізілді. Осы жиналыс барысында аудан аумағындағы жайсыз отбасылар, отбасылық жан жалдар жиі орын алатын отбасылармен жүргізілетін жұмыстар кезіндегі қиыншылықтар мен жиі орын алатын түсінбеушіліктерді кәсіби түрде шешудің жолдары жайлы ашық жиналысы және осы бағыттағы жұмыстары жайлы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, «Тұрмыстық Зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV» Заңын жете түсіндіру және Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқы бұзушылықтың жауапкершілігін қатаңдату туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық кодекстеріне енгізілген өзгерістері талқыланды. Жиналыс қорытындысымен Сарыағаш ауданының әлеуметтік психологиялық — сүйемелдеу орталығы мен полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан аудан аумағында отбасылық қылмыстарды азайту және мүлдем болдырмау мақсатында күшейтілген тәртіпте біргелікте жұмыстар атқарылатындығы жайлы шешім етті.