ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 3 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Төлеби ауданының полиция бөлімшесіне қарасты Зертас ауылдық округінде орналасқан #145 УПП қызметкерлері 2023 жылдың 3 айда атқарған жұмысын қорытындылады
Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Турашбеков Ғалымжан Рахымжанұлының төрағалығымен осы жылдың 3 айында атқарған жұмысты қорытындылау жөнінде халық алдында есеп өтті.
Жедел кеңес барысында Зертас ауылдық округінде орналасқан #145 УПП-не жаңадан тағайындалған Төлеби АПБ ЖПҚБ аға УПИ Түймебеков Қуаныш Ырбайұлын таныстырып, округте атқарылған 3 айлық баяндамасы тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.
Ауыл округінде 3 ай көлемінде Ауыр және аса ауыр қылмыстар мен бұзақылық және мал ұрлық қылмыстарының тіркемегендігін және алдын алу мақсатында, ауыл тұрғындарымен яғни ауыл еріктілерімен бірлесіп түңгі рейдттік іс шаралар нәтижесі екендігін атап өтті.
Өз кезегінде, Зертас ауыл округінің әкімнің міндетін атқарушы Сапаров Ерлан Сайлауұлы берілген нұсқаулар мен тапсырмалар уақытында толығымен орындалатынын, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттар жауапкершілікпен атқарылатынына сенім білдірді.