А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ «СЕРПІН» ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ТҮСУГЕ ШАҚЫРАДЫ!

41

Бүгін аталмыш оқу орнының өкілдері Ордабасы ауданына қарасты білім мекемелерінде “Серпін-2050” жобасы арқылы университетке грантқа оқуға қалай түсуге болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұндағы білім беру студенттерге болашақ жұмыс орнына назар аудара отырып, жеке оқу жоспарын құруға, үздік мұғалімдерді таңдауға, заманауи құрал-жабдықтарды қолдана отырып өндіріс жағдайында оқуға және бизнес-жобалар жасауды үйренуге мүмкіндік береді.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — бұл ішкі нарықтың қажеттіліктері мен халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім беру қызметін көрсететін жаңа нысандағы жоғары оқу орны.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ МИССИЯСЫ

Жаңғырту, корпоративтік мәдениетті дамыту, жүйелі әлеуметтік саясат арқылы елдің солтүстік өңіріне бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

МАРАПАТТАР

2005 жылы Университет Сапа Алтын медалімен марапатталды (Женева, Швейцария). 2010 жылдың қыркүйегінде Университетке Қазақстанның 20 жоғары оқу орындарының арасында, Университеттердің Ұлы Хартиясына — Италиядағы Болон декларациясына қол қойылды.