«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖАСТАР ЖЕКЕ ТҰРУШЫ ҚАРИЯЛАРДЫҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ

113

Б.Кенжебаев мектебінің 10 сынып оқушылары және Бөген ауылдық әлеуметтік қызметкер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығында Бөген ауылының тұрғыны, жеке тұрушы Бердіқұл Ақмырза мен Досымова Рузакүл қарияларымыздың үйінде тазалық шараларын жүргізді. Атқарылған жұмыстар барысында ауладағы ағаштар шабылып, арам шөптерден тазартылды. Одан бөлек, тұрғын үй айналасы күл-қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Ардагерлеріміз жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, еліміз бойынша экоакция аясында 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығымен жалғасады. Ордабасы ауданында науқан аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Үш апта көлемінде түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен негізгі көшелер тазаланды.