МЕТАЛЛУРГ СТАДИОНЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНУДА
Қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполис тарихында елеулі орны бар Металлург стадионына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарының бүгінгі жай-күйімен танысып қайтты. Стадионда 480 орындық командалық ойындарға арналған спорт зал, 62 адамға арналған спортшылар үйі, әкімшілік корпусы және көрермендерге арналған сыйымдылығы 1504 орынға арналған трибуна қамтылған,
Мұрат Дүйсенбекұлы аталған нысан «1 маусым – Балаларды қорғау күні» қарсаңында мерекелік іс шарамен бірге спорттық ойындар өткізуге дайын болу керектігін айтты. Стадионның ашылу салтанатынан соң мұнда республикалық маңызы бар спортық шаралар өткізуге, сонымен қатар қала тұрғындарын күнделікті спортпен айналысуына мүмкіндік болады.
Ғимарат құрылысы 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі