ТҮРКІСТАН: РЕЙХСТАГҚА ДЕЙІН ЖЕТКЕН ҚАРТ МАЙДАНГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

260

Түркістан облысында Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр;

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдрасиловтың үйіне арнайы барып, қарт майдангерді мерекесімен құттықтады.

Абдрасилов Немет 1922 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген;

1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы, зеңбірек командирі болған;

Сталинград, Курск, Украина, Белоруссия, Польша қалаларын азат етуге қатысқан;

Рейхстагқа шабуыл жасау кезіндегі ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды;

«Қызыл жұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» және басқа да 24 медальмен марапатталған.

Соғыс аяқталған соң Түркістан қалалық милициясында және Түркістан қаласының автобазасында жүргізуші болып жұмыс істеген;

Ардагер 5 ұл, 1 қыз, 20 немере мен 18 шөбере тәрбиелеп өсірген.