ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМГЕ ТИЕСІЛІ?

317

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне үшінші жыл.  Бұл жүйені енгізу кезінде мемлекет медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемін арттырып, халықтың шығынын азайтуді көздеді.

Бүгінде сақтандырылған азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен бөлек қосымша медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Олардың арасында ем-домы қымбат қызметтер де бар. Жалпы МӘМС аясында жарна төленгенде мынадай медициналық көмек көрсетіледі.
Ол – емханалық-амбулаторлық, алғашқы медициналық-санитарлық,алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек. Бұдан бөлек, пациент амбулаторлық деңгейде дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда стационарлық көмек, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек те кіреді.
Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:
1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:
• алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
• алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек;
3) стационарлық көмек:
• әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
• шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;
4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек және профилактикалық екпелер.

Б. ЕРЕЖЕПОВ,
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурухасының бас дәрігері
С.РАЙЫМБЕКҰЛЫ.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы
бойынша филиалының директоры