МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҒАЛАМТОР АЛАЯҚТЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА

164

Қазіргі уақытта ғаламтор алаяқтық қылмыстардың кең таралуына орай, оңай олжаны көздейтіндердің қатары күн санап артып келеді. Осындай қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес.

Осыған байланысты ғаламтор алаяқтықтың құрбаны болмас үшін Мақтаарал ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Азат Мұсырманқұлов пен аудандық прокуратура қызметкерлері бірлесіп, тұрғындарға ескертпе брюшалар таратылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда және көшелерде, базарларда және адам көп жиналатын жерлерде ескерту сипатындағы хабарландыруларды ілді. Сондай-ақ тұрғындарға алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмаудың бірнеше тәсілдері жайлы ақпараттар берді.