ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҰН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРУДА

105

Түлкібас кентіне қарасты «Grand Flour Industry» ЖШС жылына орта есеппен 800-1000 тонна жоғарғы және бірінші сұрт ұны мен мал азығын шығарып, “ARDA Түлкібас” деген брендпен оңтүстік аймақтағы үш өңір мен Өзбекстан еліне жолдап отыр.

Жуырда ағымдағы жөндеуден өтіп, жұмысын қайта бастаған кәсіпорынға аудан әкімі Аскар Естибаев жауапты мамандармен арнайы барып, жұмысымен танысты.

Кәсіпорынның жауапты өкілімен нысанды толық аралап, шығарып жатқан өнімнің сапасын бақылады. Қуаттылығын арттыру бойынша зауыт өкіліне ұсыныстарын айтып, әкімдік тарапынан көмек қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Айта кетерлік, зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін ұн шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда мұнда 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, аудан әкімі Түлкібас кентіне жұмыс сапары барысында жұмысы тоқтап тұрған «Мұрагер» ЖШС көкөніс сақтау қоймасында болды.

Жалпы қойма 3000 мың тоннаға шақталған екі корпустан тұрады.

Бұл жерде Асқар Сұлтанұлы кәсіп иесі және жауапты мамандармен маңызды нысанның жұмысын қайта жаңғырту жағын пысықтап, тиісті бөлім басшысына бұл бағытта нақты ұсыныстар дайындап келуді тапсырды.