«БІР АЙ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫЗ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДA АУДАНДАРДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылы маусым айының 1-30 аралығында «Бір ай жол-көлік оқиғасыз» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара Ордабасы ауданындағы халық көп шоғырланатын жолаушы бекеттерінде жалғасты. Мұнда Ордабасы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Маханбетов жолаушы тасымалдаушы жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудандағы соңғы 6 айда орын алған жол-көлік оқиғаларының орын алуы себептеріне тоқталды. Анықталғандай, оқиғалардың көпшілігі көліктердің карсы бағытқа шығуы, жылдамдықты шамадан тыс асыру салдарынан орын алған.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін шараға аудан тұрғындары мен көлік жүргізушілері де белсене атсалысатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ тиісті профилактикалық шара жүргізген тәртіп сақшыларына сәттілік тіледі.