САРЫАҒАШ: ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімі аппаратының басшысы Омархан Ыбрайдың төрағалығымен орындаушылық тәртіптің мәселелері туралы мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімі аппараты бөлімшелері мен дербес бөлім басшылары офлайн, қала және ауылдық округ әкімдері бейне-конференс байланысы арқылы қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде облыс және аудан әкімдерінің аудан тұрғындарымен көтерілген мәселелердің, жеке және заңды тұлғалардан келген жолданымдардың, хаттамалық тапсырмалардың және жоғары тұрған органдардан түскен хаттардың орындалу сапасы мен мерзімінде орындалуы талқыланды.
Аудан әкімі аппаратының талдау нәтижелері тыңдалып, облыс басшылығы тарапынан және халықпен кездесулер барысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу сапасы мен мерзімі кеңінен қаралды. Тиісінше, дәл осы жұмыстарға салғырт қараған басшылар мен қызметкерлерге ескерту беріліп, жұмысты жүйелеу тапсырылды, ал жеке және заңды тұлғалардың өтініштерге жауап беруде жауапсыздыққа бой алдырған, мерзімін кешіктірген қала және ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Бүгінгі таңда, аудан тұрғындарымен Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың кездесуінде 42 мәселе көтеріліп, оның 28 бүгінгі таңда орындалған, аудан әкімі А.Абдуллаевтың кездесуінде 159 мәселе көтеріліп, оның 81 бүгінгі таңда орындалған, ал қалған мәселелерге қосымша уақыт пен қаржы талап етеді.
Облыс және аудан әкімдері тарапынан берілген тапсырмалардың негізгі салалары болып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту, инфрақұрылыммен қамту, «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы және т.б. салалар болып табылады. Сарыағаш ауданына қатысты тапсырмалардың 80% астамы бүгінгі таңда орындалған, ал қалған тапсырмалар мерзіміне қарай орындалу үстінде








