САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үйді заңдастыру, жер мәселелері және өзге де жеке сипаттағы өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, заңнамаға сәйкес түсіндірулер берді. Сонымен қатар, айтылған сауалдар бойынша жауапты бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Айтылған мәселелер аудан әкімдігінің бақылауына алынып, заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13







