95 ОРАМ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ӘР АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

378

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамға газ берілді. Салтанатты шараға бір топ халық қалаулылары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов сынды мәжілісмендер, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Аталған орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр.

-Көптен бергі арманымыз орындалды. Қыстың күні бүрсең қақпай, аяздарда тоңбайтын болдық,-деді ақжаулықты аналар.

Естеріңізде болса, шаһар басшысының тапсырмасына сай, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Балтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп алуда.

ТАЗАЛЫҚ ӘР АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады. Сондай кезекті тазалау жұмыстары барысында  аулалардағы ішкі орам жолдары, сонымен қатар, негізгі  көшелер мен аяқ жолдар, ирригациялық жүйелер  тазаланды. Қоқыс алаңшалары тазаланып,  шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілді.

Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес атқарыла береді. Тазалық жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуы аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің бақылауына алынған.

Жалпы, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау- әрбір тұрғынның міндеті.

ТІСІ АУЫРҒАНДАРДЫ ТҮНДЕ ДЕ ЕМДЕЙДІ

Шымкент қалалық стоматологиялық емханасында  түнгі уақытта да қызмет көрсететін кабинеттер саны өсті.  Онда  тіс дәрігерлері    күндіз және     кешкі 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін  түнгі ауысыммен  жұмыс істейді.

Күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетсе,  түнгі ауысымда 3 дәрігер 2 медбике тіс емдейді.

Емхананың дәрігерлерінің айтуынша түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді. Ал күндіз бала саны 500-600 –ге дейін барады. Айта кету керек, осы уақыт аралығында тек  бір кабинет жұмыс істеген. Ол  емделушілерге ұзақ уақыт кезекте тұруларына себеп болған.

 

Сондықтан, аталған кемшіліктердің орнын толтыру үшін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының тапсырмасына сәйкес, емхана басшылары түнгі ауысымда екі кабинетті іске қосты.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі