ТҰРҒЫННАН ТРАМАДОЛ ДӘРІСІ ТӘРКІЛЕНДІ

167

Төлеби аудандық полция бөлімінің қызметкерлері әсері күшті психотроптық дәрі-дәрмектерді сату, қолдану деректерінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізіп келеді.

Осындай кезекті тексеру кезінде тәртіп сақшылар жүрісі күдік тудырған жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тінту барысында оның сыртқы киімінің қалтасынан 3 дана «трамадол» дәрісін табады.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Тексеру барысында күдікті ер адам психотроптық трамадол дәріні өзіне қолданып жүргенін жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.