ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ӘПЕРЕМІН ДЕП ТҰРҒЫНДЫ АЛДАҒАН КҮДІКТІ ӘЙЕЛ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан қалалық полиция басқармасына саурандық тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін» деп алдын ала 1 200 000 теңгесін жымқырған.
Бір жыл бойы не ақшасын, не уәдесін орындамай алдап жүргенін жазып көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция басқармаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сезікті әйелге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.