ПОЛИЦЕЙ МИХАИЛ ҰЛЫНА АБЫЛАЙ ДЕП ЕСІМ БЕРДІ

169

Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту ісіне елеулі үлес қосып, министр Марат Ахметжановтың бұйрығымен бірқатар алғыс хаттармен марапатталған жас полицей Михаил Крокусты көбіміз Мәди ретінде танимыз. Себебі ол құжатын ауыстырып, қазақша «Мәди» есімін иеленген.

Михаил Крокус бала кезінен қазақ тілін жетік меңгерген. Өз ортасында, үйде, жұмыста қазақ тілінде сөйлейді. Ол болашақта балаларының тегі қазақ есімінен болғанын қалаған еді. Тіптен Айдана есімді қазақ қызымен отау құрды. Жас жұбайлар ұлды болып, тұңғыштарына Абылай деп есім берді.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мәди баршаңызды мерекемен құттықтайды. Ендеше кішкентай Абылай батырдың бауы берік болсын!