ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ТЛЕУБЕРДИЕВ МҰРАТ ӘЖІНҰРҰЛЫ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗДІ.

375

​Осы мерзімде прокуратураға азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді.

​Ағымдағы жылы сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізген.

Облыс прокуратурасының үйлестіру шараларымен ағымдағы жылдың 6 ай ішінде қылмыстық құқық бұзушылық 14,9 %-ға азайды.

Қоғамдық мүддені қорғау саласында 51 мың тұлғаның құқықтары қорғалды, жұмысшыларға 2,1 млрд. теңге жалақы қарыз өндірілді, енгізілген қадағалау актілерімен 1664 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, бюджетке 260 млн. теңге өндірілді, 833 млн. теңгеге мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

8 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды, 42 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды, 7 заңсыз тексеру фактісі анықталды, 100-ден аса әкімшілік істердің күші жойылды.

Мемлекеттік сатып алу бағытында жалпы көлемі 7 млрд. теңге болатын конкурстардың күші жойылды.

Атқарушылық іс жүргізу саласында бюджетке 149 млн теңге өндірілді, алимент бойынша 100 млн. теңгеден астам берешек өтеліп, жалпы алимент қарыздары едәуір төмендетілді, жыл басында берешек – 444,6 млн. теңге болған болса, 6 ай қорытындысымен 343,4 млн. теңгені құрады, сондай-ақ проблемалық өндірістердің саны 42% азайды, 170 борышкер жұмыспен қамтылды.

Одан бөлек, пробациялық бақылаудағы азаматтарды, яғни сотталған адамдардың мінез-құлқын түзету, оны әлеуметке қосу, қоғамға бейімдеу және оңалтуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Өңірлерде 17 жұмысшы топ құрылды («Атамекен» ҰКП, ПД, ҚАЖКД, ЖАО өкілдерінен).

Оларға, сотталғандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету міндеттері жүктелді (жәрмеңкелер, кездесулер, семинарлар өткізу, спорттық шаралар ұйымдастыру, демеушілер арқылы азық-түлікпен қамтамасыз ету және т.б.).

Нәтижесінде, қайта қылмыс жасау 12% төмендеді (43/38), ал оларды жұмысқа орналастыру 47% (682-ден 1007-ге) өсті, құқықтық көмек алғандар саны 2 есеге (628-ден 1211-ге) артты, оңалтуға 7,2 млн. теңге бөлінді.

Брифинг соңында облыс прокуроры алға қойған мақсаттармен бөлісті.