САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округінде жаңа ашық футбол және workout алаңшасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, мердігер мекемеге нысанды заманауи әрі қауіпсіздік талаптарына сай жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.
Құркелес елді мекеніндегі жаңа спорт алаңшасында футбол алаңы, workout құрылғылары, сондай-ақ балаларға арналған әткеншек пен сырғанақ орнатылуда. Жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, “Сәулет 2012” ЖШС мердігерлігімен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, аудан әкімі Сарыағаш қаласындағы Т. Қасымбеков көшесінде жүргізіліп жатқан орта жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Аталған көшенің жөндеу жұмыстары аудандық мәслихат депутаты Қайрат Пердіқұловтың демеушілігімен жүзеге асуда.








