ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР САЙЛАУҒА РЕСЕЙДІҢ БЕС ҚАЛАСЫНАН ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ

181

Қазақстандықтар Ресейдің бес қаласында республика президентін сайлауда дауыс бере алады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 265 сайлау учаскесі жұмыс істейтін Ресейдегі Қазақстан елшілігінде дауыс беруге қатыса алады», — делінген елшілік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына республиканың Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы бас консулдықтарындағы учаскелерде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады.

«Сайлау учаскесіне барған қазақстандықтардың төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек», — деп түсіндірді елшілік.

Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі