АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Бәйдібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауданымыздың көпбалалы, алтын құрсақты аналары марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен марапатқа ие болған 11 ананың 3-і алтын, 8-і күміс алқа иегері.
— «Құрметті Алтын құрсақты аналар! Сіздерге әрқашан құрметтің жоғалмайтынын, еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалынып жатқанын білесіздер. Баланы дүниеге әкеліп, оны өсіріп, бағып, елдің азаматы етіп тәрбиелеп отырғандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін» — деп, құттықтау лебізін жеткізген аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев марапат иелеріне алқаларын табыс етті.
Марапаттарыңыз құтты болсын алтын құрсақты аналар!







