ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАЛАНТ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

262

Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағы мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мерейлі отбасы» ұлттық бірінші байқауының жеңімпазы Елтай Бимаханбетұлының 90 жасқа толуына орай, «Кемеліне келген қария, ақыл-ойы дария» және ұстаз, әнші, сазгер, өнер майталманы Қаламқас Өтеуованың «Сегіз қырлы бір сырлы қыр гүліндей Қаламқас» атты кездесу кеші болып өтті.

«Бір қала-бір кітап» акциясы аясында өткен кештің мақсаты оқырмандарымызды жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беру.

Кешке Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Асылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары  Рая Серікбайқызы,  Нұрсұлтан Үмбетұлы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбжаппар Сәкенұлы қатысты.

Кеш барысында  Мақсат Таңғатаров  Елтай Бимаханбетұлын 90 жылдық  мерейтойымен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Кешіміздің екінші аялдамасы сегіз қырлы, бір сырлы өнер майталманы Қаламқас Өтеуовамен сыр-сұхбатқа ұласып, Елтай Бимаханбетұлының сөзіне жазылған бірнеше әндері орындалды. Кітапхана директоры К.Малдыбекова кездесу кешін қорытындылап, ақын-жазушыларға шығармашылық табыс тіледі.