МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «КОРТЕЖ» ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

148

Оқу жылының аяқталуына орай мектепті бітіріп жатқан түлектердің «кортеж» ұйымдастыру жайттары толастар емес. Осындай кезекті құқық бұзушылық Төлеби ауданында орын алды.

Нақтырақ айтсақ, аудан көлемінде полицейлермен «Бір ай жол-көлік оқиғасыз» акциясы өткізілуде.

Осындай кезекті жұмыс кезінде төлебилік тәртіп сақшылары автокөлік басқару кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін сақтамай, тасымалдау ережелерін бұзуға жол берген жүргізушілерді анықтады.

Яғни «Tоyota Alphard», «Tоyota Land cruzer 200», «Tоyota Camry», «Mersedes Benz», «Chevrolet Cruze», «Ваз-21099» автокөліктері анықталды. Олардың жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 4, 593-бабы 1-бөлігімен 7, 595-бабы 1-бөлігімен 3 әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бұл бағытта жұмыстар жандандырылуда.