ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ және С.Рахимов ауыл округтерінде кәмелетке толмағандармен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың, оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша ата-аналар, ұстаздар, тиісті мамандардың қатысуымен кездесу өтті.
Шараға Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы А.Тағай, облыстық білім саласының ардагері Н.Байғұтов, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов пен прокурор З. Юсупов, адами әлеуетті дамыту бөлімі мен А.Егізекова және басқа да тұлғалар қатысты.
Кездесу барысында жоғарыда аталған спикерлер күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты жаңа заңның нормаларына тоқталып өтті.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов қатысушыларды профилактикалық шараларды бірлесе атқарып, күшейтуге шақырды.