КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

219

Тұран ауданына қарасты магистралды 96 көшені қардан тазалау жұмыстарына 4 бригада жұмыс атқаруда. Көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын, аялдамаларды тазалауға 126 жұмысшы жұмылдырылды.
Ал 4 дана 12 КДМ, МТЗ 80 3 кіші трактор қар күреу жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ішкі орам көшелері мен көпқабатты үй аумақтарын қардан тазарту үшін 8 бригада 152 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңға дейін аудан көлемінде тайғаққа қарсы 447м3 инертті материал себілді.
Жағдай әкімдік және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан бақылауға алынып отыр.