ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

300

Шымкентте толассыз жауған қардан қаланы тазарту жұмыстарына коммуналдық қызмет саласы қызу жұмысқа кіріскен. Барлық аудандар өздеріне қарасты аумақтарды тазарту бойынша жұмыстар атқаруда. Қаланы қардан тазалау бойынша атқарылатын жұмыс бақылауға алынған.
Мәселен, Каратау ауданына қарасты 90 көшедегі қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды. Оның ішінде: Камаз ПР – 15 дана КАМАЗ ПРП, 2 трактор-82,1,2 трактор 320, 3 Газ-Саз, 3 Камаз самосвал, 5 Газ 53, 1 дана жүк тиегіш техникалары бар.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аудан аумағындағы көшелерге, жол жиектеріне 200 тонна тұз, 1100 м3 құм себілді. Осы бағыттағы қардан тазалау жұмыстарын 330 қызметкер атқарды. Қарлы ауа райына байланысты бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.