ПОЛИЦЕЙЛЕР АККУМУЛЯТОР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

163

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі аккумулятор ұрлығы бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның «ВАЗ-21013» маркалы көлігінен аккумуляторын жымқырып, мүліктік зиян келтірген.

Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Осы іске бекітілген тергеуші полиция аға лейтенанты И.Пердехан шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеру жүргізіп, зерттеу тағайындады.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары 1 тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру кезінде күдікті бөтеннің мүлкін сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратып жібергені белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Нәтижесінде іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.