АУАНЫ ЛАСТАЙТЫН АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

194

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, атмосфераға тарайтын улы заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған «Таза ауа» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция көшедегі автокөліктерді рейдтік бақылау бағытында өтті. Іс шараның мақсаты қаладағы атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету.
Рейд барысында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы және Шымкент қаласы патрульдік-бекеттік полиция экипажымен бірлесіп автокөліктен шығатын тыныс алуға зиянды, әрі ауа ластайтын шығарындылар тексерілді.

Рейдте көшедегі автокөліктер тоқтатылып, оның ішінде уыттылық пен түтінділік бойынша тиісті нормалардан асып түскен көлік жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алдағы уақытта «Таза ауа» экологиялық акциясы тұрақты түрде жалғасатын болады.