РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

149

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 18 қазан — Рухани келісім күніне орай, арнайы шара болып өтті.

Жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық филиалының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Арсылан Раматуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өтеген Әшенов, аудандық орталық «Дервиш Әли» мешітінің бас имамы Бауыржан Ақауов, мешіт имамдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев 18 қазан — Рухани келісім күні 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өткенін, сол кезде конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім, яғни қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау жөнінде манифест қабылданғанын жеткізді.

Міне, сол 1992 жылдан бастап, 18 қазан Рухани келісім күні ретінде аталып өтіліп келеді. 1992 жылдан бері мерекеленген атаулы күннің маңызы зор. Өйткені, 40 конфессия мен 130 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек.

Жиын барысында мешіт имамдарымен еркін форматта пікір алмасып, тәуелсіз Қазақстанның 32 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық бойынша өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Кездесу соңында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев бір топ имамға аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын тапсырды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі