КҮН ТӘРТІБІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ
Бүгін Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Иассы және Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Кездесуді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев ашып, күн тәртібіндегі мәселені жиналған көпшілікке таныстырды. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Аталған ауылдық округтерде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Иассы ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындарының басты талабы ауыз су мәселесін алға тартты. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі электр жарығының нашарлығын, жаңа трансформатор орнатуын, электр бағаналарының тозығы жеткенін, Еңбекші Дихан елді мекеніне Түркістан қаласынан қоғамдық көліктің қамтамасыз етуін, жол, ағын судың тапшылығын, тегін медициналық берілетін дәрі-дәрмектің берілмеуін, елді мекендегі амбулаторияға тіс дәрігерін орналастыруын, втеринарция қызметі өз деңгейінде жұмыс жасамайтынын, елді мекеннің кіре берісіне бейне бақылау камерасын орнатуды жеткізді.
Бұдан соң кезекті кездесу Оранғай ауылдық округіндегі мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған электр жарығының сапасыздығы, трансформатор орнату керектігін, электр бағаналары ауыстыруды қажет ететінін, ауыз судың тапшылығын атап өтті. Бұдан бөлек, диханшылықпен айналысатын шаруалардың басты мәселесі ағын судың жетіліксіздігі, ауылдағы көпірдің жарамсыз болып қалғанын, жедел жәрдемнің кешігіп, уақытында келмеуін, сондықтан ауылдық округ орталығына бір жедел жәрдем көлігін қамтамасыз етуін сұранды.
Кездесу барысында көшелерге асфальт төсеу, жаяу жүргінші жолдарын салу, медициналық қызметтің нашарлығын айтса, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Абитддин Пахриддинов қария ауылдағы балабақша мекемесінің жабылып қалғанын, соны қайта ашылу бағытында жедел шешім қабылдап жұмыс жүргізілмесе, тұрғындар тарапынан наразылық өршіп кетуі мүмкін екенін жеткізді.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар Абсамат Маткәрімұлы мен Абдурашит Жүсіпов те арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.