«БАСТАУ-БИЗНЕС»
Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Бастау-бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз грант алып, қол-өнер бұйымдарын гипстан капилка және әр түрлі тойбастар кәсібін ашып,халыққа қызмет жасап жатыр.
Бүгінгі кәсіпкер Атакент кентінің тұрғыны Әбіл Ұлбосын Исатайқызы. Ұлбосын ханым жастарға аянбай еңбек етіп, “Еңбектің наны тәтті» — деп осы кәсібімен отбасын асырап отырғанын және мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы, жүйелі жұмыс жасауға болатындығын атап өтті. Ұлбосын ханым жұмыс барысымен таныстырып қызығымен қиыншылығы жайлы әңгімелеп берді.