МЕНІҢ АУЫЛЫМНЫҢ ТАБИҒАТЫ КӨРКЕМ «МЕНІҢ ЖЕРІМ!»

1231

Ауыл деген әр бала үшін ерекше ыстық болар. Өзен, бау-бақша, жеміс-жидек… Құрбы-құрдас, дос-жаран, туған туыс, ата-әже… Ауыл осы аяулы есімдер мен сөздерді өзіне қамтып тұрғандай. Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек.

Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды. Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді. Үйлердің баулары бау емес, орман-тоғайдай. Жемістері қашан көрсең самсап пісіп, жерге домалайды да жатады. Оларға ешкім су құймаса да, арықтан келген судан құмарлана ішіп, жеміс беруін тоқтатпайды. Көкөністер де молынан піседі. Тіпті үйге арнайы азық-түлік алып келудің еш қажеті жоқ па деймін. Ауылдағы үйден құрт, май, ірімшік, айран, сүт үзілген емес. Ауылдағы апа, жеңгелеріміздің пісірген ыстық нанын бір жесең қара кешке дейін тоқ жүресің. Ауылға бір бара қалсам анамның айтуынша үйге домаланып келемін.