ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ИГЕРУ-БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ ЖАСАУДЫҢ КЕПІЛІ

Күн санап дамып келе жатқан әлемде барлық саламен қатар өндіріс саласы да ғарыштап дамып келеді.
Мәселең, өндірістің өнімін арттыру мақсатында роботтандыру және автоматтандыру, жасанды интеллектке жүгіну заман талабына айналып отыр.
Осы орайда, бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев бастаған ауданымыздың делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Қытай елінің Хунань правициясы, Чанша қаласына қарасты Кайфу мен Нисянь аудандарындағы толық автоматтандырылған өндірістік аймақтарының жұмысымен танысып, ірі жобаларды жоспарлап, іске асуына әдістемелік көмек беріп жүрген компанияда болды.
Кайфу ауданы. Халық саны 3,2 млн. тұрғынды құрайтың ауданда 1 ірі, 2 шағын өндірістік аймақ жұмыс істейді. Ал, ірі өндірістік аймақтың өзінде 240-тан астам кәсіборын бар.
Бұл жерде аудан делегациясы бетон және пластик пен темірден құрылыс материалдарының сан алуан түрлері мен қорап өндіретін өнеркәсіптің жұмысымен танысты.
Тауарлы бетон зауытында сағатына 250 м3 бетон өндіретін екі жүйесі жұмыс істеуде. Кәсіпорын толық автоматтандырылғандықтан мұнда бар, жоғы 12 адам жұмыс жасайды. Орта есеппен жылына 2 млн.тоннаға жуық тауар өндіруге қауқарлы. 2024 жылдың нәтижесімен 24,5 млн. АҚШ долларының тауарын өндіріп, 30-ға жуық компаниядан тапсырыс алып, бірлесіп жұмыс атқарған. Дәл мұндай қала аумағында 100-ден аса кәсіпорын бар.
Бұнымен қоса, делегация осы ауданда орналасқан «Гаолинг групп» компаиясында болды. Құрылыс саласында жоғары нәтижелер көрсетіп, мемлекет тарапынан түрлі марапаттарға ие болған бұл компания, өнірдегі көш бастап тұрған кәсіпорынның бірі.
Сонымен қатар, аталмыш ауданның жобалық институтында болған аудан делегациясы білікті мамандар дайындаған шатқал үстінен көру алаңдарының, т.б. түрлі жобаларымен және сол мезетте институт мамандарының дайындағы ауданда Ақсу шатқалында жоспарланып жатқан көру алаңының 7 түрлі нұсқасымен танысты.
Сондай-ақ, Кайфу ауданына іссапары барысында аудан делегациясы жергілікті әкімдікте жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, құнды тәжірибелермен алмасып, ынтымақтастықты, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында келіссөз жүргізді.
Нисянь ауданы. Шанша қаласының негізгі өндірістік аймақтары орналасқан бұл қалада 1 млн. астам халық тұрады. Мұнда 600-ден астам жоғарғы техногоиялармен жұмыс жасайтын кәсіпорындар орналасқан.
Сонымен қатар, аталмыш ауданда «Sauvage» Чаншалық ғылыми институты бар. 2005 жылы құрылған орталықта қазіргі таңда 50 ғылыми маман жұмыс істейді. Бұл жерде өндіріс саласындағы жаңа технологиялар ойластырылып, мемлекеттік қолдаулар арқылы жүзеге асады.
Бүгінде орталықтың жаңа өнімдері, атап айтсақ, сұраныс жоғары үй қасбетін әрлейтін 1300 градус ысттыққа төзімді материялдар, бетоннан су өткізбейдін қоспалар, азық-түлік сақтауға арналған пластик заттар және т.б. өнімдер шығаруда.
Аудан делегациясы Нисянь ауданындағы іссапарын «FENY CO., LTD» компаниясында түйіндеді.
Компания кең орындағы қалдықтардан асфальт құрамына қосатын қоспа өндіреді. Ол қоспаны қосқан кезде асфальт бағасы 20 пайызға арзандап, сапасы 30 пайызға дейін артады.
Осылайша, ауданымыздан Қытай еліне тәжірибе алмасуға барған арнайы топ, озық технологиялармен жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың жұмысымен танысып, кезекті жұмыс күнің аяқтады.







