ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАП ЖҮРГЕН СПОРТШЫЛАРДЫ АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықаралық жарыстарда ел намысын лайықты қорғап, Түркістанның атын кеңінен танытып жүрген кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет пен марафоншы Ғани Темірәліұлын арнайы қабылдады.

Қала басшысы өз сөзінде спорттың қоғамды біріктіретін, жастарға жігер беретін маңызды сала екенін атап өтіп, Түркістанның атын әлемге танытып жүрген азаматтарға қолдау көрсету әкімдік үшін маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді. Әзімбек Пазылбекұлы кез келген үлкен жетістік табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін айтып, спортшы жігіттердің жетістіктерін жоғары бағалады.

Бек Нұрмағанбет — жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы атанып, кәсіпқой бокста 15 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен спортшы. Ғани Темірәліұлы — бір жыл ішінде Баку, Бішкек, Алматы, Түркістан және Самарқанд қалаларында өткен TAN Marathon Series кезеңдерін толық өтіп, «TAN марафон мейджоры» атағын иеленген марафоншы.

Қабылдауға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы мен бірқатар мәслихат депутаттары қатысып, қос спортшыны жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың жеңістері қаланың мерейін өсіріп отырғанын атап өтті.